Меню KDT
МЕНЮ

Новости
 

Күләш Шәмшидинова: Мектептегі балалар тәрбиесіне ата-аналар атсалысуы керек Барлық құқықтар қорғалған.

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Өңірге іс-сапармен келген ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Жаңаөзендегі мектеп оқушыларымен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Мектеп психологтары мен сынып жетекшілері дайындық курсынан өтеді Депутаттар мұғалім мәртебесі туралы заң жобасын талқылады Күләш Шәмшидинова Жаңаөзен мектеп-гимназиясындағы оқушылармен тілдесіп, олармен  еркін сұxбат құрды. «Ата-ананың міндетін ата-ана, мұғалімнің міндетін мұғалім ғана атқара алады. Мектептегі балалар тәрбиесіне ата-аналар атсалысуы керек. Ұстаздарға артып қойып, қарап отыруға болмайды. Балалар тәрбиесін екі жақтап атқаруға шақырамын», - Білім министрі. Оның айтуынша, 2009 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы кезең-кезеңмен өсіп келеді. Мәселен, 2011 жылы - 30%-ға, 2014 жылы - 10%-ға, ал 2016 жылы 29%-ға өсті. Бұл процесс жалғасып жатыр. «Қазір 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар 1-санаттағы мұғалімнің жалақысы толық 18 сағаттық жүктемемен қалалық жерлерде 147 мың теңгеге, ауылда 180 мыңға дейін жетеді. Біз мұғалімге бірдей жоғары талаптар қоямыз, өйткені, біз білім беру сапасына қол жеткіземіз. Осыған байланысты республикада 144 мың мұғалім қайта даярлау курстарын өтеді. Сондай-ақ, 82 мың психолог пен сынып мұғалімдері оқытылады», - деді Күләш Шәмшидинова. Бас ұстаз қаладағы гимназия мектебінде ұстаздармен кездесіп, сабаққа қатысты. Осыдан 18 жыл бұрын ашылған білім ордасында 965 оқушы білім алуда.  Айта кетейік, Тәуелсіздік алғаннан бері Маңғыстауда 55 мектеп салынған. Алдағы үш жылда тағы 8 мектеп ашылмақ. Еске салсақ, бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Маңғыстау облысына келгендігін хабарлаған болатынбыз.  


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kulash-shamshidinova-mekteptegi-balalar-tarbiesine-ata-analar-atsalysuy-kerek_a3507764



Просмотров: 384

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Директор КГУ "Бидаикская средняя школа" Уалихановского района Северо- Казахстанской области Карымжанова Раиса Мухаметкалиевна

DARMEN

Информация для педагогов и родителей

Мы в Facebook

KUNDELIK.KZ

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц40
  • За неделю12
  • Вчера1
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

 
Наш адрес: Погода: Контакты:
                
           
Яндекс.Погода      




 

     
Полезные ссылки